ShalkiyaZinc LTD

Басшылық

Тлеулин Аскар Сагатович

"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ бас директоры

Тау-кен металлургиясы саласында көпжылдық еңбек тәжірибесі бар. Еңбек жолын Балқаш аффинаж кәсіпорнында бастап, кейін «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің өндірістік бөлімшелерінде инженерлік-техникалық және басшылық лауазымдарды атқарды. Одан әрі еңбек жолын «Тау-Кен Алтын» ЖШС-де жалғастырып, инженер-металлургтен бастап зауыттың техникалық директоры және аффинаж зауытының директоры лауазымдарына дейін кәсіби жолдан өтті. 2024 жылғы қыркүйектен бастап «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның Бас директоры қызметін атқарады. Балқаш тау-кен металлургия техникумын және Қ.И. Сәтбаев атындағы Алматы политехникалық институтын тәмамдаған. Сондай-ақ Мәскеу Болат және қорытпалар институтының магистрі және Swiss International School of Business ұйымының Executive MBA дәрежесінің иегері.

Тилеубеков Касымхан Дуйсенбекович

ШалқияЦинк" АҚ техникалық директоры

Тау-кен өндіру саласында 16 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар. «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-да 2014 жылдан бері еңбек етеді, бұған дейін бас маркшейдер және өндірістік-техникалық басқарма басшысы лауазымдарын атқарған, қазіргі уақытта Қоғамның өндірістік блогына басшылық етеді. Өндірістік-техникалық қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, тау-кен жұмыстарын жоспарлау және бақылау, жобалық және техникалық құжаттаманы әзірлеу, өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және кен-шахта жабдықтарын тиімді пайдалану саласында мол тәжірибеге ие. Тау-кен ісі, маркшейдерия және тау-кен саласындағы цифрлық инженерия бағыттары бойынша бейіндік білім алған.

Метелев Евгений Вадимович

"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ әкімшілік директоры

Құқықтық сүйемелдеу, персоналды басқару, әкімшілік басқару және корпоративтік процестерді ұйымдастыру салаларында көпжылдық еңбек тәжірибесіне ие, сондай-ақ мемлекеттік органдарда, заң саласында, кадрларды басқару және тау-кен өнеркәсібі салаларында кәсіби тәжірибесі бар. «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған, техника және технология магистрі, сондай-ақ экономика және бизнес магистрі дәрежелерінің иегері. 2023 жылғы қаңтардан бастап «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ-ның Әкімшілік директоры қызметін атқарады. Персоналды басқару, құқықтық және әкімшілік сүйемелдеу, цифрландыру және жасанды интеллектті енгізу қызметтерінің, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану жөніндегі бөлімшелердің қызметін үйлестіреді, корпоративтік процестерді жетілдіруді, цифрлық шешімдерді дамытуды және Қоғамның әкімшілік-шаруашылық қызметінің тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.